030200 0 – «Мейіргер ісі» мамандығы
030200 0 – «Мейіргер ісі» мамандығының коды мен мамандық атауы Қазақстан Республикасының индустрия және сауда Министрлігінің техникалық реттеу және метрология бойынша Комитетінің 2008 жылғы 3 маусымдағы №273-ОД бұйрығымен бекітілген, ҚР МЖМБС 05-2008 техникалық және кәсіптік білім беру, орта білім беруден кейінгі білім берудің кәсіптері мен мамандықтар жіктеушісіне сәйкес көрсетілген.
Біліктілігі: 030203 3 – «Жалпы практика мейіргері»
030200 0 – «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша кәсіптік білім бағдарламасының меңгеру түрі: Күндізгі;
Оқудың күндізгі түріндегі кәсіби білім бағдарламасын меңгерудің білім базасының біліктілікке сәйкес нормативтік мерзімі.
Қабылдаудың жалпы білім беру базасы:
- Жалпы орта білім негізінде;
- Негізгі орта білім негізінде
Қабылдаудың білім базасы |
Біліктілік атауы, коды |
Біліктілік деңгейі бойынша білім беруде оқыту бағдарламасын меңгерудің нормативтік мерзімі |
Негізгі орта білім беру базасында |
030203 3 – «Жалпы практика мейіргері» |
3 жыл 10 ай |
Жалпы орта білім беру базасында |
030203 3 – «Жалпы практика мейіргері» |
2 жыл 10 ай |
030200 0 – «Мейіргер ісі» мамандығының кәсіби қызметінің объектілері.
Маманның кәсіби қызметінің объектісі ересек және балалар қауымы болып келеді, ал олардың кәсіби қызметінің жүзеге асыру мекемелеріне:
- Түрлі ведомстволар мен мекемелердің денсаулық қызметін басқару органдары;
- Әр түрлі меншіктік формадағы балалар мен ересек медициналық ұйымдар;
- Ауруханалар, емханалар, амбулаториялар, ауылдық аймақтық ауруханалар, ауылыдық дәрігерлік амбулаториялар, прафилакторийлар мен санаторийлер;
- Медицина саласындағы ғылыми зерттеу ұйымдары;
- Балалар мектеп алдындағы мекемелер (балабақша, бөбекжай);
- Білім беру ұйымдары (мектеп, колледж, жоғарғы білім беру мекемелері);
- Әлеуметтік қорғау ұйымдары жатады.
030200 0 – «Мейіргер ісі» мамандығының кәсіби қызметінің түрлері.
«Жалпы практика мейіргері» біліктілігіне арналған оқу бітірушілердің кәсіптік қызметтерінің түрлері:
- Пациентті күтуде мейірбикелік процесстің негізгі кезеңдерін құжаттайды және іске асырады;
- Медициналық мекемелерінің құрылымдық бөлімдеріндегі пациент пен медициналық қызметкерлердің жұқпалы аурудың жұғу қауіпсіздігін, жұқпалы ауруды бақылау талаптарын орындайды;
- Мейірбикелік процесс кезеңдері негізінде пациентке мейірбикелік күтімді ұйымдастырады;
- Ауруханалық мекемелерде дәрігердің тағайындауы бойынша профилактикалық, емдік, диагностикалық шараларды орындайды;
- Құралдарды дайындайды және қиын манипуляцияларлды жүргізуде дәрігерге көмектеседі;
- Егде және қартайған адамдарға бақылау мен күтімді іске асырады;
- Ересектерге және балаларға біліккті медиәиналық көмек көрсетеді;
- Санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы ісөәрекеттерді ұйымдастырады және жүргізеді;
- Пациентпен, пациенттің туыстарымен, әріптестерімен, әлеуметтік қызметтің уәкілімен тиімді қарым-қатынасты қалыптастырады және дамытады;
- Салауатты өмір салтын насихаттайды;
- Кәсіптік қызметінде жаңа білім мен технологияларды қолданады және өмір бойы білім алады;
- Пациенттің жеке қажеттілігіне бағытталған мейірбикелік процессті іске асырады;
- Аурухананың құрылымдық бөлімдерінің және амбулаториялық-емханалық мекемелерінің есепке алу-есеп беру құжаттарын рәсімдейді;
- Коммуникативтік қарым-қатынас дағдыларын игереді;
- Медициналық мекемелерде емдік және диеталық тамақтануды ұйымдастырады;
- Дәрігердің амбулаториялық қабылдау жұмысын жүргізуді ұйымдастырады (жұмыс оын, аспаптарды, құралдарды, науқастың амбулаториялық жеке картасын, рецепттерді, бланкілерді жинайды, алдын ала анамнез жинауды және қарауды жүргізеді);
- Санитарлық-эпидемиялық қызметпен бірге, эпидемиологиялық жағдай туралы тез арада мәлімет жинайды, жұқпалы ауру ошағында эпидемияға қарсы шараларды жүргізеді;
- Зерханалық, функционалдық, аспаптық әдістермен зерттеуге пациентті дайындайды;
- Жанұяны жоспарлау және контрацептік әдістер бойынша кеңес жүргізеді.