1cd8d1360e1af17289208bce0fe067aa21f6a32a5_900.jpg

030100 0 – «Емдеу ісі» мамандығы

030100 0 – «Емдеу ісі» мамандығы

030100 0 – «Емдеу ісі» мамандығының коды мен мамандық атауы Қазақстан Республикасының индустрия және сауда Министрлігінің техникалық реттеу және метрология бойынша Комитетінің 2008 жылғы 3 маусымдағы №273-ОД бұйрығымен бекітілген, ҚР МЖМБС 05-2008 техникалық және кәсіптік білім беру, орта білім беруден кейінгі білім берудің кәсіптері мен мамандықтар жіктеушісіне сәйкес көрсетілген.

Біліктілігі: 030101 3 – «Фельдшер»

030100 0 – «Емдеу ісі» мамандығы бойынша кәсіптік білім бағдарламасының меңгеру түрі: Күндізгі;

Оқудың күндізгі түріндегі кәсіби білім бағдарламасын меңгерудің білім базасының біліктілікке сәйкес нормативтік мерзімі.

 

Қабылдаудың жалпы білім беру базасы:

  • Жалпы орта білім негізінде;
  • Негізгі орта білім негізінде

 

Қабылдаудың білім базасы

Біліктілік атауы, коды

Біліктілік деңгейі бойынша білім беруде оқыту бағдарламасын меңгерудің нормативтік мерзімі

Негізгі орта білім беру базасында

030101 3 – «Фельдшер»

3 жыл 10 ай

Жалпы орта білім беру базасында

030101 3 – «Фельдшер»

2 жыл 10 ай

 

030100 0 – «Емдеу ісі» мамандығы, 030101 3 – «Фельдшер» біліктілігі бойынша кәсіби қызметтің объектілері

030101 3 – «Фельдшер» біліктілігі бойынша бітірушінің кәсіби қызметінің объектілері әр түрлі жас аралықтарындағы үлкен адамдар және балалар болып табылады.

 

030100 0 – «Емдеу ісі» мамандығы, 030101 3 – «Фельдшер» біліктілігі бойынша кәсіби қызметтің түрлері

«Фельдшер» біліктілігіне арналған оқу бітірушілердің кәсіптік қызметтерінің түрлері:

  • Ауруханада, емханада, дәрігерлік амбулаторияда (ДА), фельдшерлікөакушериялық пункттерде (ФАП), медициналық-санитарлық алғашқы жәрдем (МСАЖ) орталықтарында емдік-диагностикалық шараларға, әр түрлі жас аралықтардағы науқастарға алғашқы медициналық және санитарлық көмек көрсетуге қатысу;
  • Жіті ауруларда және келеңсіз жағдайларда дәрігерге дейінгі алғашқы медициналық көмек көрсету және науқастың жағдайын бағалау;
  • Медициналық мекемелерде санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы режимді сақтау;
  • Эпидемияның шұғыл жағдайында жаппай зақымдану ошағындағы тұрғындарға медициналық көмек көрету;
  • Жаңа ақпараттық технологияларды, әдістемелерді, тәсілдерді, ақпараттарды беру және сақтауды қолдану;
  • Науқасты реабилитациялауға және әлеуметтік қорғаныс органдарының, қайырымдылық қызметтерімен бірлесіп интернат үйлеріне, жалғызбастылар хоспистеріне, қарттарға, мүгедектерге және созылмалы ауруы бар науқастарға көмек көрсету және орналастыруды ұйымдастыруға қатысу;
  • Науқастармен және олардың жанұяларымен бірігіп жұмыс жасау, гауқастың құқығын сақтау және әр түрлі жас топтарындағы тұрғындардың денсаулығын демеу және нығайту жөніндегі шараларды жүргізу;
  • Науқастардың денсаулығы үшін қатерлі ықпалдар (физикалық, психикалық, әлеуметтік, экологиялық және т.б.) жөніндегі және осы ықпалдардың денсаулыққа әсері жөніндегі сұрақиар бойынша тұрғындарға кеңес беру;
  • Әр жас кезеңдегі науқасты және оның жанұясын денсаулық сақтау мәселелері бойынша оқыту, күтім көрсету;
  • Ерте жастағы балаларды тамақтандыру (емшек сүтімен, қосымша), психоәлеуметтік дамуы, шынықтыру, балаларды мектепке дейінгі мекемелерге, мектепке, кәсіптік бейімдеу мәселелері бойынша кеңестер жүргізу;
  • Әр жас кезеңдегі балалардың нервтік-психикалық дамуы, иммунопрофилактика, диспансерлік бақылау жөніндегі сұрақтар бойынша кеңес беру;
  • Қазіргі тәсілдерді өолдана отырып диагностикалау және салыстырмалы диагностика жүргізу, сондай-ақ балаларда жиі кездесетін ауруларды емдеу және алдын алуды жүзеге асыру;
  • Алғашқы медициналық-санитарлық ұйымдарда нормативтік құжаттарды рәсімдеу;
  • Қызметтестермен бірігу және бірлесе жұмыс істеу;
  • Аурулардың алдын алу және салауатты өмір салтын насихаттау.
© Барлық құқықтар қорғалған АЗИМЕД 2024 ж. Сайтты жасау және қолдау көрсету STARNET

Search